Жаңалықтар
ТЕҢГЕ ІЛУДЕН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫН БАСТАДЫ
ТЕҢГЕ ІЛУДЕН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫН БАСТАДЫ

Теңге ілуден ұлттық құрама Алматы облысы, Жанашар ауылында орналасқан Олимпиадалық даярлау орталығында 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындықтарын бастап кетті.

5 тамыз басталған оқу-жаттығу жиыны 10 тамызға дейін созылады. Бұл оқу-жаттығу жиынында көшпенділер ойындарына қатысатын 3 теңгеші анықталады. Еліміздің ең үздік теңге ілушілері 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарында өз бақтарын сынайды.

Еске сала кетейік, 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында ұлттық құрамамыз қорытынды оқу-жаттығу жиынын 27 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Астанада өткізеді.