Жаңалықтар
6 шілде - Астана күні қарсаңында «Толағай» алыптар сайысынан 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын құрам жасақтау үшін республикалық іріктеу өтті.Жарысқа 19 спортшы қатысты.
Аударыспақ
6 шілде - Астана күні қарсаңында «Толағай» алыптар сайысынан 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын құрам жасақтау үшін республикалық іріктеу өтті.Жарысқа 19 спортшы қатысты.

Спортшылар бұл сайыста 100 кг тасты көтеріп, 1 минут ішінде қашықтықта апару, 100 кг қаппен отырып тұру, 10 кг найзаны оң немесе сол қолмен қашықтықта лақтыру, 130 кг бөренені иыққа салып, 1 минут ішінде отырып – тұру және 200 кг жүк артылған арбаны қашықтыққа сүйреу секілді ерекше сайыс түрлері бойынша сынға түсті.

Нәтижесінде Азамат Мақұлбеков барлық 4 кезеңнің қорытындысы бойынша жоғары көрсеткішпен алтыннан алқа тақты. Күміс жүлдені мойнынп Жанболат Ибадуллаев ілсе, қола медаль Ерсейіт Бралинге бұйырды.

Түркістан облысынан келген Мақұлбеков Азамат 1 миллион теңге мен бас белбеуді иеленіп, Дүниежүзілік Көшпенділер сайысына жолдама алды.

Еске сала кетейік, «Толағай» алыптар сайысы әлем жұртшылығына көшпенділердің даналығы мен дәстүрін, мәдениеті мен өнерін көрсететін халықаралық деңгейдегі шара – 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қатарына «Powerful nomad» атымен енген еді.

Бас серіктес: «Самұрық-Қазына»

Демеушілер: «Sport qory»спортты қолдау қоры.

«Alageum electric»компаниясы.