
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Бозанбай ауылында құсбегіліктен өткен «Шығыс Салбурыны – 2026» аясындағы Бірінші Азия кубогі өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған байрақты бәсекеде 10 елдің құсбегілері бүркіт, қаршыға және ителгі салудан жүлделі орындарға таласты.
Бозанбай ауылы маңындағы «Бүркіт төбе» алаңында өткен халықаралық додаға барлығы 174 құс тіркелді. Оның 103-і – бүркіт, 38-і – ителгі, 33-і – қаршыға қатысты. Нәтижесінде үздіктер жеңіс тұғырынан көрінді.
ЖАРЫС НӘТИЖЕСІ
*Бүркіт құсын салудан:*
1 орын - Жалғасұлы Серікболсын (Жамбыл облысы)
2 орын - Серікбекұлы Ерасыл (Астана қаласы)
3 орын - Тастанбек Бергенбай (Ақмола облысы)
3 орын - Даниярқызы Аяжан (Алматы қаласы)
*Қаршыға құсын салудан:*
1 орын - Махмудхан Заки (Түркістан облысы)
2 орын - Бабажан Берікболсын (Жамбыл облысы)
3 орын - Мубарак Халифа Алтай (ШҚО)
3 орын - Серікбекұлы Ерасыл (Астана)
*Ителгі құсын салудан:*
1 орын - Төлегенұлы Темірәлі (Қарағанды облысы)
2 орын - Бабажан Бақдәулет (Жамбыл облысы)
3 орын - Кеңес Ануар (Ақмола облысы)
3 орын - Тастанбек Ералы (Ақмола облысы)
ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНГЕН СПОРТШЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!




