Жаңалықтар
1 МАУСЫМ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ АСЫҚ АТУДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТЕДІ.
1 МАУСЫМ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ АСЫҚ АТУДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТЕДІ.

Көшпенділердің асық спорты халықаралық федерациясы, "Respublica" партиясы, Республикалық асық ату федерациясы мен Астана қалалық филиалымен бірлесіп, "1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне" орай асық атудан республикалық турнир өткізеді.

2024 жылғы 1 маусым күні "Халықаралық балаларды қорғау күніне" орай Астана қаласының ЭКСПО Халықаралық көрмесі аумағында жасөспірім балалар арасында асық атудан республикалық турнир өтеді. Бұл турнирге еліміздің 17 аймағынан 100-ден аса жас мергендер қатысады деп күтіліп отыр.

Іс-шараның мақсаты: ұлттық және рухани құндылықтарды ұлықтау, қазақ халқының төл өнері - ұлттық спортты жан-жақты дәріптеу. Жас ұрпақтың бойына отаншылдық рухын сіңіру арқылы оларды бірлікке, тұтастыққа баулу.

IMG_0108.JPG

Асық турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Respublica» партиясы және Астана қалалық филиалы атынан арнайы медаль, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, барлық қатысушы балаларға арнайы мәзірмен ас және тәттілер ұсынылады.

Өтетін орны: Астана қаласы, ЭКСПО көрмесі аумағы (Тәуелсіздіктің 25 жылдығы монументі алаңы);

Өтетін уақыты: 2024 жылғы 1 маусым, сағат 10:00-де.

IMG_0188.JPGIMG_0114.JPGIMG_0109.JPG