ұлттық
және ат спорты
түрлері орталығы
Соңғы жаңалықтар
КӨКПАРДАН ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ ХХІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ
Көкпар
КӨКПАРДАН ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ ХХІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

2024 жылдың 21-27 сәуір аралығында Қызылорда қаласының атшабарында өткен көкпардан ересектер арасындағы ХХІІІ Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл дүбірлі додаға Абай, Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау облыстарының құрама командалары мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Қарулы күштері орталық армия спорт (ЦСКА) клубы және Астана, Шымкент қаласының командалары қатысты.

Жарыстың алғашқы күні командалар топқа бөлініп, айналмалы жүйе бойынша сынға түсті. Өзара 4 топқа бөлінген командалар әрқайсысы 3 ойыннан өткізіп, топтан бірінші болып шығу үшін барын салды.

Жарыстың үшінші күнінде өз тобынан топ жарып жартылай финалға шыққан Қостанай, Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстары болды. Жеребе тарту рәсімі өткізіліп өзара кездесу өткізетін екі жұп анықталды.

Көкпар ойындары арасындағы бір күндік үзілісте 25 сәуір күні көкпардан жекпе-жек аттары бойынша Қазақстан Республикасының алғашқы чемпионаты өткенін де айта кеткен жөн. Жекпе-жекте қарсылас шақ келтірмеген Шымкент қаласының тұлпары «Жебе» болып, шабандоз Елдар Жарылқап 1 000 000 теңге жүлде иеленді.

6.jfif

26 сәуір күні алғашқы жартылай финалдық ойында Қостанайлықтар мен оңтүстік астана командасы арасындағы текетіресте 1:4 есебімен Алматылықтардың айы оңынан туып, Елдар Жиенқұлов кездесудің үздік ойыншысы атанды. Жартылай финалдың екінші кездесуі Жамбыл облысының «Әулие атасы» мен Түркістанның «Тұраны» арасында болды. Барлық көкпар сүйер көрерменнің назарында болған бұл ойын 9:2 есебімен жамбылдықтардың пайдасына аяқталды.

Финал күнін барлық ұлттық спорт жанкүйерлері тағатсыздана күтті. 27 сәуірге белгіленген ақтық кездесудің алдында Қостанай мен Түркістан облыстарының құрамалары 3-орын үшін таласты. Өте тартысты өткен ойында қостанайлық командаға сәл ғана сәттілік жетіспей, 1 ғана салым айырмасымен Түркістанның пайдасына 6:7 болып аяқталды. Ақтық сында Жамбыл облысының құрамасы мен Алматы облысының құрамасы кездесті. 40 минутқа созылған бұл кездесу 7:1 есебімен жамбылдық «Әулие атаның» пайдасына шешілді. Ойынның басты жұлдызы үш салым салған Құрманбек Тұрғанбек болды.

7.jfif

Осылайша бұл чемпионатты кезекті рет жеңген Жамбыл облысы Қазақстан Республикасының 14 дүркін чемпионы атанып 7 000 000 тг сыйақы алды. Күмісті місе тұтқан Алматы облысына 5 000 000 тг, қоланы мойнына ілген Түркістан облысына 3 000 000 тг, ал екінші үшінші орын Қостанай облысына 1 500 000 тг жүлде берілді.

Бас төреші Ғани Ахметбаев:

- Ел чемпионаты жоғары дәрежеде өтті. Төрешілер құрамы арнайы жасақталып, әділ шешімдер қабылдай алды. Бұл жарыста әділетсіз қабылданған шешімдер болды деп айта алмаймын. Себебі төреші шешіміне күмәнді болған жағдайда эпизодты бірнеше рет қайталап көру мүмкіндігі болды. Бұл ұлттық спорттың дамуында прогресс бар деген сөз.

Көкпардан ұлттық құраманың бас бапкері Ақылбай Манкеев:

- Көкпардан ҚР чемпионаты жылда өтетін, ұлттық спорттың оның ішінде көкпар сүйер көрерменнің тағатсыздана күтетін жарысы. Бұл чемпионат әдеттегідей өз биігінен түспеді. Ұлттық құраманың тізімінде бар барлық ойыншыларды бақыладым. Бәрі бабында.

ҚР Көкпар федерациясының президенті Бауыржан Исабаев:

- Жылда өтетін, ұлттық спорттың мерекесі саналатын чепмионатымыз ойдағыдай өтті деп санаймын. Бұл жарысты ұйымдастыруда жалпы жүлде қоры 20 млн теңгені құрайтын ақшалай сыйақылар тағайындадық. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерден бөлек, «үздік қорғаушы», «үздік шабуылшы», «үздік ойыншы» номинацияларын да қосып, олардың әрқайсысына 200 000 тг көлемінде ақшалай жүлде де қарастырдық. Төрешілер құрамын күшейттік. Жалпы, бұл жарысқа 16 команда қатысып, жарыстың көркін қыздырды. Арасынан оза шауып, суырылып шыққан Жамбыл облысының құрамасын тағы да жеңісімен құттықтаймын.

Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов:

- Ересектер арасындағы ХХІІІ Қазақстан Республикасының чемпионаты нағыз шабандоз бен астындағы аты сыналған керемет жарыс болды. Көкпар арасындағы болған үзіліс кезінде де көкпардағы жекпе-жек аттарының да алғашқы ел чемпионатын ұйымдастырдық. Барлығы жоғары деңгей өтті. Жеңімпаз Жамбыл облысының құрамасын көкпардан Қазақстанның 14 дүркін чемпионы болғанын да тілге тиек еткен жөн. Тағы да жеңістерімен құттықтаймын.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ҚР Көкпар федерациясның президенті Бауыржан Исабаев, ҚР Ұлттық және ат спорты орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов пен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев марапаттап, ақшалай сертификаттар табыстады.

Байланыс: +7 701 707 0717 Райымбек

АСЫҚШЫЛАР САЙРАМДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫН ӨТКІЗУДЕ
Асық ату
АСЫҚШЫЛАР САЙРАМДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫН ӨТКІЗУДЕ

Асық ату спортынан ұлттық құрама мүшелері Түркістан облысының Сайрам ауданындағы «AKO-QARASU» спорт кешенінде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдындағы оқу-жаттығу жиынын бастады.

30 сәуірге дейін жалғасатын жиында Астана, Шымкент қалалары мен Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Түркістан облыстарынан жиналған еліміздің үздік асықшылары өз шеберліктерін шындап жатыр.

Ұлттық ойынымызды ұлықтап жүрген асықшыларымызға сәттілік тілейміз!

Жеңісті күндерде жүздесейік!

Көкпардан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының ХХІІІ чемпионаты басталды.
Көкпар
Көкпардан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының ХХІІІ чемпионаты басталды.

Қызылорда қаласының атшабарында бастауын алған дүбірлі дода 21 сәуір мен 30 сәуір аралығында болады. Оған Абай, Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау облыстарының құрама командалары мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Қарулы күштері орталық армия (ЦСКА) клубы және Астана, Шымкент қаласының командалары қатысып жатыр. Командалар топқа бөлінді.

1-топ: Ұлытау облысы, Қостанай облысы, Орталық армия клубы (ЦСКА), Атырау облысы

2-топ: Астана қаласы, Алматы облысы, Қарағанды облысы, Маңғыстау облысы

3-топ: Түркістан облысы, Ақмола облысы, СҚО, Шымкент қаласы

4-топ: Абай облысы, Жетісу облысы, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы

8dc08677-2de4-43df-99ba-5bd8b7a1071f (1).jfif

Топтағы командалар бір-бірімен айналмалы жүйе арқылы алғашқы орынға таласады. Әр топтан бірінші орынмен шыққан командалар жартылай финалдық кезеңге өтеді.

Жарыстың алғашқы күні 8 ойын өтті. Нәтижесі:

Ұлытау облысы 0 – 11 Қостанай облысы

Орталық армия клубы (ЦСКА) 3 – 4 Атырау облысы

Астана қаласы 3 – 6 Алматы облысы

Қарағанды облысы 2 – 6 Маңғыстау облысы

Түркістан облысы 11 – 2 Ақмола облысы

СҚО 2 – 6 Шымкент қаласы

Абай облысы 0 – 6 Жетісу облысы

Жамбыл облысы 5 – 2 Қызылорда облысы.

Естеріңізге сала кетейік, көкпардан ересектер арасындағы ХХІІІ ҚР чемпионаты Қызылорда қаласындағы ипподромда 30 сәуірге дейін болады.

4bdae5e7-1dd0-4760-916a-6074bddf6964.jfif

Кесте
#ҚатысушыҰпай
Демеушілер
SamrukSportQory
Samruk
QazaqstanQazSport
ФОТОГАЛЕРИЯ
Gallery Photo
Gallery Photo
Gallery Photo
Gallery Photo
ВИДЕОГАЛЕРЕЯ