News
АУДАРЫСПАҚТАН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫ 5-ШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНА ДАЙЫНДЫҚТАРЫН ПЫСЫҚТАП ЖАТЫР
АУДАРЫСПАҚТАН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫ 5-ШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНА ДАЙЫНДЫҚТАРЫН ПЫСЫҚТАП ЖАТЫР

Аударыспақтан ұлттық құрамамыз Алатау бөктерінде орналасқан Олимпиадалық даярлау орталығында дайындалып жатыр.

29 шілде басталған оқу-жаттығу жиыны 11 тамызға дейін созылады. Еліміздің түкпір-түкіпірінен, ең үздік деп танылған 12 аударыспақшы жоспар бойынша дайындалуда. Оның ішінен 6 іріктеліп, 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғайды.

Аударыспақтан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Жанбатыр Бекмұсаев:

- 29 шілде басталған оқу-жаттығу жиынымыз жоспар бойынша өтіп жатыр. Күнде белгілі бір графикпен жүмыс жасаймыз. Бірінші физикалық жаттығу, түстен кейін атпен дайындаламыз. Бұл оқу-жаттығу жиынында жігіттердің қаншалықты дайын екенін көріп жатырмыз. 12 спортшы ішінен 6 мықтыны іріктеп, көшпенділер ойындарында сәтті өнер көрсетеміз деген ойдамын.

Еске сала кетейік, 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында ұлттық құрамамыз қорытынды оқу-жаттығу жиынын 27 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Астанада өткізеді.

8.JPG4.JPG6.JPG2.JPG3.JPG7.JPG5.JPG1.JPG8.JPG
КӨКПАРДАН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫ ҚЫЗУ ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ
КӨКПАРДАН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫ ҚЫЗУ ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ

Көкпардан ұлттық құрамамыз Алматы облысы, Жанашар ауылында орналасқан Олимпиадалық дайындық орталығында 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындықтарын пысықтап жатыр.

22 шілде басталған оқу-жаттығу жиыны 6 тамызға дейін созылады. Еліміздің түкпір-түкіпірінен келген 29 көкпаршының арасынан ең үздік 12 спортшы көкпар ойынына, 12-сі көкбөрү спортына іріктеліп алынады.

Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ақылбай МАНКЕЕВ:

-Бұл оқу-жаттығу жиыны жігіттерге оңай болып жатқан жоқ. Себебі бұл жай ғана жаттығу емес, іріктеу де болып есептеледі. Еліміздің әр аймағынан келген спортшылардың арасынан 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын сәтті қорғау үшін ең үздіктерін таңдауға бар күшімізді саламыз

Еске сала кетейік, 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында ұлттық құрамамыз қорытынды оқу-жаттығу жиынын Астанда өткізеді.

IMG_5359.JPG5.JPG2.JPG3.JPG

Alageum Electric - Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі.
Alageum Electric - Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекциясы «Alageum Electric» Компаниялар тобымен екіжақты меморандумға қол қойды. Меморандум негізінде «Alageum Electric» 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми Бас демеушісі атанды.

Шараға 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция басшысы Наиль Нұров пен «Alageum Electric» КТ Директорлар кеңесінің Төрағасы Еркебұлан Ілиясов қатысты.

«Біздің компания әрқашан еліміздің мәдени және спорттық дәстүрін қолдауға және дамытуға ұмтылады. 2023 жылдан бастап біз Жамбы ату мен арқан тартысты дамытуды қолдау бойынша жұмысты бастадық. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі мәртебесі - бұл біздің ағымдағы жұмысымыздың жалғасы деп санауға болады. Біз халықаралық аренада дәстүрлі спорт түрлерін насихаттауға өз үлесімізді қоса алуымызды мақтан тұтамыз», - деді «Alageum Electric» КТ Директорлар кеңесінің Төрағасы Еркебұлан Ілиясов.

2.jpeg
1 МАУСЫМ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ АСЫҚ АТУДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТЕДІ.
1 МАУСЫМ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ АСЫҚ АТУДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТЕДІ.

Көшпенділердің асық спорты халықаралық федерациясы, "Respublica" партиясы, Республикалық асық ату федерациясы мен Астана қалалық филиалымен бірлесіп, "1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне" орай асық атудан республикалық турнир өткізеді.

2024 жылғы 1 маусым күні "Халықаралық балаларды қорғау күніне" орай Астана қаласының ЭКСПО Халықаралық көрмесі аумағында жасөспірім балалар арасында асық атудан республикалық турнир өтеді. Бұл турнирге еліміздің 17 аймағынан 100-ден аса жас мергендер қатысады деп күтіліп отыр.

Іс-шараның мақсаты: ұлттық және рухани құндылықтарды ұлықтау, қазақ халқының төл өнері - ұлттық спортты жан-жақты дәріптеу. Жас ұрпақтың бойына отаншылдық рухын сіңіру арқылы оларды бірлікке, тұтастыққа баулу.

IMG_0108.JPG

Асық турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Respublica» партиясы және Астана қалалық филиалы атынан арнайы медаль, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, барлық қатысушы балаларға арнайы мәзірмен ас және тәттілер ұсынылады.

Өтетін орны: Астана қаласы, ЭКСПО көрмесі аумағы (Тәуелсіздіктің 25 жылдығы монументі алаңы);

Өтетін уақыты: 2024 жылғы 1 маусым, сағат 10:00-де.

IMG_0188.JPGIMG_0114.JPGIMG_0109.JPG